Qayrat Nurtas — Jüregіmdі mаhаbbаtıñ örtesіn (Жүрегімді махаббатың өртесін)

Qayrat Nurtas Jüregіmdі mаhаbbаtıñ örtesіn (Жүрегімді махаббатың өртесін)

Текст песни

Жүрегіме сұлу сезім еккенсің,

Сағынышым, самал болып жеткенсің.

Қоңыр күзде жүрегімде бүр жарған,-

Бақытымсың, көктемсің!

 

Көздеріңнен айналайын мөп-мөлдір,

Періштемсің, жүрегіме төккен нұр.

Жүрегімнің "ғашық үнін" жеткізер,

Бір өзіңе ұсынамын көктем-гүл!

Махаббаттың күй-әуенін шертесің,

"Ән-әлемге" бірге өзіңмен ертесің.

Жүрегімді…

Махаббатың өртесін!

 

Сағынышым, аппақ гүлім, әдемім,

Селт еткізген жаухар жүрек әлемін.

Жәудіреген жанарыңмен жанымды –

Баурап алған ән едің!

 

Көздеріңнен айналайын мөп-мөлдір,

Періштемсің, жүрегіме төккен нұр.

Жүрегімнің "ғашық үнін" жеткізер,

Бір өзіңе ұсынамын көктем-гүл!

Махаббаттың күй-әуенін шертесің,

"Ән-әлемге" бірге өзіңмен ертесің.

Жүрегімді…

Махаббатың өртесін!

 

Көңілімде күмбірлетіп күй түрлі…

Ұрлап алдың әз күлкім мен ұйқымды.

Бар әлемнің қызғалдағын жисам да –

Сендей болмас Сүйкімді!!!

 

Көздеріңнен айналайын мөп-мөлдір,

Періштемсің, жүрегіме төккен нұр.

Жүрегімнің "ғашық үнін" жеткізер,

Бір өзіңе ұсынамын көктем-гүл!

Махаббаттың күй-әуенін шертесің,

"Ән-әлемге" бірге өзіңмен ертесің.

Жүрегімді…

Махаббатың өртесін!

 

Клипы «Jüregіmdі mаhаbbаtıñ örtesіn (Жүрегімді махаббатың өртесін)»

Заказать перевод Прислать свой вариант перевода

Текст песни Qayrat Nurtas Jüregіmdі mаhаbbаtıñ örtesіn (Жүрегімді махаббатың өртесін) предоставлен в ознакомительных целях для личного развития.