Süyіp edіm (Сүйіп едім)
Ентігімді баса алмай, тұншыққандай боламын,
Тамағымды аша алмай, таба алмадым жауабын.
Өткен күн мен түндерде, бақытымды сұраған,
Сен еркелеп күлгенде, жүрегімнен шығар ән.
Өзің едің арманым, топ ішінен таңдаған,
Өзің едің жан жарым, ән-жырымды арнаған.
Өзің едің арманым, топ ішінен таңдаған,
Өзің едің жан жарым, ән-жырымды арнаған.
Қызғаныштан күрсініп, кейде от боп жанамын,
Көз салса да басқалар, мен деп тұрған жанарың.
Өн бойымды улаған, сол жанардың қарасы,
Кеудемдегі тулаған, жүрегіме қарашы!
Өзің едің арманым, топ ішінен таңдаған,
Өзің едің жан жарым, ән-жырымды арнаған.
Өзің едің арманым, топ ішінен таңдаған,
Өзің едің жан жарым, ән-жырымды арнаған. (3х)