Тексты и переводы песен

Qayrat Nurtas - Ädemіsіñ qаrındаs (Әдемісің қарындас)

Qayrat Nurtas — Ädemіsіñ qаrındаs (Әдемісің қарындас)

Ädemіsіñ qаrındаs (Әдемісің қарындас)

Бар сұлулық бір өзіңнен табылғандай,
Жанарыңнан жап-жарық күн шағылғандай.
Нұрлы бейнең көктемнің гүл күніндей боп,
Күміс күлкің бұлақ болып ағылғандай...
 
Әдемісің қарындас, әдемісің!
Сұлулықтың ғажайып әлемісің!
Қарай бергім келеді қарай бергім,
Білемісің, ару қыз білемісің!
 
Арманы боп әр жігіттің қалсаң бе екен,
Ақ ниетпен адал сөзге нансаң екен.
Саған деген ақ тілегім орындалып,
Құтты ұяңа бақыт болып қонсаң екен.
 
Әдемісің қарындас, әдемісің!
Сұлулықтың ғажайып әлемісің!
Қарай бергім келеді қарай бергім,
Білемісің, ару қыз білемісің!
 
Көз жанарың жастан алға тағынбасын,
Бар өмірің атқан таңдай жалындасын.
Бұл Жаратқан жарылқаудан жаңылмасын,
Тек жаныңда бойтұмар боп әнім қалсын.
 
Әдемісің қарындас, әдемісің!
Сұлулықтың ғажайып әлемісің!
[Қарай бергім келеді қарай бергім,
Білемісің, ару қыз білемісің!] (2х)
 

Понравилась песня? Будем очень благодарны, если вы расскажете о ней друзьям:



Послушать песню и посмотреть клип "Ädemіsіñ qаrındаs (Әдемісің қарындас)"

Видеоклипы к песне подбираются автоматически сайтом youtube.com. Отказ от ответственности

Текст песни Qayrat Nurtas Ädemіsіñ qаrındаs (Әдемісің қарындас) предоставлен в ознакомительных целях для личного развития.