Тексты и переводы песен

Qayrat Nurtas - Keşіgіp nege jolıqtıñ (Кешігіп неге жолықтың)

Qayrat Nurtas — Keşіgіp nege jolıqtıñ (Кешігіп неге жолықтың)

Keşіgіp nege jolıqtıñ (Кешігіп неге жолықтың)

Күз жауып тұрған ауладан,
Естідім әсем әніңді,
Ызғарлы мұңға жаураған,
Жылыттың менің жанымды.
 
Жалғыздық еді жүдеткен,
Жанымды сенсің түсінген.
Ынтыққан ыстық жүрекпен,
"Сүйемін" дедім, "сүйемін" дедім ішімнен.
 
Жаратқан Хаққа жалынған,
Жел сірә, мендей жылаған.
Кетпеші, кетпе жанымнан,
Сұранам сенен сұранам.
 
Айта алмай жүрмін айта алмай,
Ғашықпын саған ғашықпын.
Жаныңа барсам қайта алмай,
Көргенше сені асықпын.
 
Тағдыры бөлек қыз едім,
Үздігіп неге қарадың?!
Көктемі өткен куз едім,
Қиналып тұрмын қарағым.
 
Түсіме кірдің қаншама,
Жылайды "сен" деп жүрегім.
Жасымыз алшақ болса да,
Өзіңді күтіп, өзіңді-ау күтіп жүремін.
 
Тілім тұр қайтем байланып,
Жүрегім дертті, жаным мұң.
Сезімім өртеп, ой – ғаріп,
Көрмесем сені-ай сағындым.
 
Махабатымды жаңа ұқтым,
Бұл сезім менде болмаған.
Кешігіп неге жолықтың?!
Кешірші мені жан дауам!
 
Айта алмай жүрмін айта алмай,
Ғашықпын саған ғашықпын.
Жаныңа барсам қайта алмай,
Көргенше сені асықпын.
 
Махабатымды жаңа ұқтым,
Бұл сезім менде болмаған.
Кешігіп неге жолықтың?!
Кешірші мені жан дауам!
 

Понравилась песня? Будем очень благодарны, если вы расскажете о ней друзьям:



Послушать песню и посмотреть клип "Keşіgіp nege jolıqtıñ (Кешігіп неге жолықтың)"

Видеоклипы к песне подбираются автоматически сайтом youtube.com. Отказ от ответственности

Текст песни Qayrat Nurtas Keşіgіp nege jolıqtıñ (Кешігіп неге жолықтың) предоставлен в ознакомительных целях для личного развития.