Qayrat Nurtas — Аlmаtı Tünі (Алматы түні)

Qayrat Nurtas Аlmаtı Tünі (Алматы түні)

Текст песни

Ажарлы көркің сұлу жаным,

Бір көріп ұнап қалдың.

Жүрегім сезген жылу барын,

Бір көріп сыр ақтардым.

 

Тайдырды жүзің ұяң жаным,

Қолым да дірілдеді.

Алматының түнін қиялдадым,

Бақытты күнімдегі.

 

Алматының түндері-ай,

Махаббатың мәңгі аралындай.

Алматының түндері-ай,

Аралайық бірге маралым-ай.

 

Сыңғырлап күлкің, қалды менің,

Елестеп құлағыма.

Қылығың баурап алды сенің,

Баладым сыңарыма.

 

Шынайы сезім жанды мөлдір,

Көзіңнің шырағында.

Сағынып салсам әнді жаным,

Елесің тұрады ма?

 

Алматының түндері-ай,

Алатаудың салқын самалындай.

Алматының түндері-ай,

Ұйқымды ұрлап сен алатындай (2х)

 

Клип «Аlmаtı Tünі (Алматы түні)»

Видеоролики хранятся и модерируются сервисом YouTube. Отказ от ответственности

Заказать перевод Прислать свой вариант перевода

Текст песни Qayrat Nurtas Аlmаtı Tünі (Алматы түні) предоставлен в ознакомительных целях для личного развития.