Национальные гимны, патриотические песни — Kazakhstan, Former National Anthem of (1992–2006) - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны (Qazaqstan Respýblıkasynyń Memlekettik Ánurany)

Национальные гимны, патриотические песни Kazakhstan, Former National Anthem of (1992–2006) - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны (Qazaqstan Respýblıkasynyń Memlekettik Ánurany)

Текст песни

Жаралған намыстан қаһарман халықпыз,

Азаттық жолында жалындап жаныппыз.

Тағдырдың тезінен, тозақтың өзінен

Аман-сау қалыппыз, аман-сау қалыппыз.

 

Еркіндік қыраны шарықта,

Елдікке шақырып тірлікте!

Алыптың қуаты – халықта,

Халықтың қуаты – бірлікте!

 

Ардақтап анасын, құрметтеп данасын,

Бауырға басқанбыз баршаның баласын.

Татулық, достықтың киелі бесігі

Мейірбан Ұлы Отан, қазақтың даласы!

 

Еркіндік қыраны шарықта,

Елдікке шақырып тірлікте!

Алыптың қуаты – халықта,

Халықтың қуаты – бірлікте!

 

Талайды өткердік, өткенге салауат,

Келешек ғажайып, келешек ғаламат!

Ар-ождан, ана тіл, өнеге-салтымыз,

Ерлік те, елдік те ұрпаққа аманат!

 

Еркіндік қыраны шарықта,

Елдікке шақырып тірлікте!

Алыптың қуаты – халықта,

Халықтың қуаты – бірлікте!

 

Клип «Kazakhstan, Former National Anthem of (1992–2006) - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны (Qazaqstan Respýblıkasynyń Memlekettik Ánurany)»

Видеоролики хранятся и модерируются сервисом YouTube. Отказ от ответственности

Заказать перевод Прислать свой вариант перевода

Текст песни Национальные гимны, патриотические песни Kazakhstan, Former National Anthem of (1992–2006) - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны (Qazaqstan Respýblıkasynyń Memlekettik Ánurany) предоставлен в ознакомительных целях для личного развития.