Тексты и переводы песен

Qayrat Nurtas - Жаралы жаннын ани бул (Jaralı jannın ani bul)

Qayrat Nurtas — Жаралы жаннын ани бул (Jaralı jannın ani bul)

Смотреть клип

Жаралы жаннын ани бул (Jaralı jannın ani bul)

Бұл менің жырым толғаған,
Ақпанда соққан борандай
Өкінбес сірә, бар ма адам
Өзегі мұңға оранбай.
 
Қиялмен арман жалғаған
Еркелеп елге ән арнай
Бұл менің жолым таңдаған
Бақытқа бастап барардай
 
Жаралы жанның әні бұл
Желбіреп туым әлі тұр
Күндестік дейтін қоңырау
Соңымнан еріп әлі жүр
Жаралы жанның әні бұл
Сынағы шығар әрі бұл
Сабырмен күтіп соңында
Жеңемін барін бәрібір
 
Бұл менің сырым ақ қардай
Ақпанда жауған мен үшін
Оралмайм(ын)өткен шақтарға-ай
Арқалап арман жемісін
Қайратым тасып жатқандай
Ақ жүрек АНА сен үшін
Жарқ етем әлі ақ таңдай
Жеңілгендерім - жеңісім!
 
Ақ жүрек жанның әні бұл
Желбіреп туым әні тұр
Асулар алар алдымда
Баспалдақ өмір әлі бұл
Тілегін айтар ел барда
Жүрегім айтар әлі жыр
Жаратқан Ием сен барда
Жеңемін бәрін бәрібір.
 
Ақ жүрек жанның әні бұл
Желбіреп туым әні тұр
Асулар алар алдымда
Баспалдақ өмір әлі бұл
Тілегін айтар ел барда
Жүрегім айтар әлі жыр
Жаратқан Ием сен барда
Жеңемін бәрін бәрібір
 
Ақ жүрек жанның әні бұл
 

Понравилась песня? Будем очень благодарны, если вы расскажете о ней друзьям:



Послушать песню и посмотреть клип "Жаралы жаннын ани бул (Jaralı jannın ani bul)"

Видеоклипы к песне подбираются автоматически сайтом youtube.com. Отказ от ответственности

Текст песни Qayrat Nurtas Жаралы жаннын ани бул (Jaralı jannın ani bul) предоставлен в ознакомительных целях для личного развития.