Тексты и переводы песен

Qayrat Nurtas - Бақытты жандармыз (Baqıttı Jandarmız)

Qayrat Nurtas — Бақытты жандармыз (Baqıttı Jandarmız)

Смотреть клип

Бақытты жандармыз (Baqıttı Jandarmız)

Біздер ғашық болғанбыз, сонау бір шақтарда,
Көктем көңіл бұлбұлдай, сайраған бақтарда.
Кеудемізде балауса, бал сезім гүл ашып,
Әппақ арман, ақ шуақ таңдарға ұласып.
 
Өмір қандай көңілді, тамаша тәтті еді,
Болмаушы еді өкпе, наз, өкініш, әттеңі.
Ойда жоқта белгісіз арамыз ажырап.
Махаббатың жабырқау, жабылды дәптері.
 
[Қайырмасы:]
Әнді қанат қып самғармыз,
Таңды таңдарға жалғармыз.
Мөлдір сезімнен жаралған,
Біздер бақытты жандармыз.
 
Кеткен еді мәңгіге арамыз алыстап,
Тұрсын бүгін алдымда, гүл шоғын тағы ұстап,
Өмір-өзен сезімді толқындай шайқаған.
Бөлмесе екен, бұл тағдыр біздерді қайтадан.
 
[Қайырмасы:]
Әнді қанат қып самғармыз,
Таңды таңдарға жалғармыз.
Мөлдір сезімнен жаралған,
Біздер бақытты жандармыз.
 
Әнді қанат қып самғармыз,
Таңды таңдарға жалғармыз.
Мөлдір сезімнен жаралған,
Біздер бақытты жандармыз
 

Понравилась песня? Будем очень благодарны, если вы расскажете о ней друзьям:



Послушать песню и посмотреть клип "Бақытты жандармыз (Baqıttı Jandarmız)"

Видеоклипы к песне подбираются автоматически сайтом youtube.com. Отказ от ответственности

Текст песни Qayrat Nurtas Бақытты жандармыз (Baqıttı Jandarmız) предоставлен в ознакомительных целях для личного развития.